Көкшетауда із-түссіз жоғалған 15 жастағы қыз ғашығымен бірге табылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетауда із-түссіз кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ІІД  баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 29 тамызында Көкшетау қаласының ІІБ кезекшілік бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Арызданушының сөзіне қарағанда, оның 15 жастағы сіңілісі сағат 13:00 шамасында колледжге оқуға түсу үшін емтихан тапсыруға кетіп, кешке үйге қайтып оралмаған.

Полицейлер жасөспірім қыздың таныстарын сұрастыра келе, оның Оңтүстік Қазақстан облысының 19 жастағы тұрғынымен танысқанын анықтайды.

Жедел-іздестіру шарасы барысында пойызбен кетіп бара жатқан қыз бен жігіт Қарағанды облысының Сарышаған стансасында ұсталып, қыз кейін қайтарылады.

Кейін белгілі болғандай жасөспірім қыз өзінің сүйіктісімен бірге оның ата-анасымен танысу үшін Түркістан қаласына бара жатқан. Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған қыз туыстарының қолына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар