Көкшетауда кәріз құдығында ағалы-інілі екі ер адам есінен танып қалған

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында кәріз құдығында уланып, есінен танған екі ағайынды жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 1 қыркүйек күні Көкшетау қаласында болған.

«40 жастағы ер адам кәріз құдығын тазалау кезінде есінен танып құлады. Кейін оны құтқаруға 42 жастағы ағасы құдыққа түсті. Ол да есінен танып қалды. Арада 30 минут өткен соң, оқиға орнына құтқарушылар жетіп, ағайынды екеуін сыртқа шығарып, ес-түссіз күйінде жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Анықталғандай, екеуі де аммиак буымен уланған», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда 5 жасар бала төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен еді.




Видеодан алын ғ ан кадр



Соңғы жаңалықтар