Көкшетауда қарттар автобуста тегін қатынайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 1 қазан – Халықаралық қарттар күні көкшетаулық зейнеткерлер қалаішілік қоғамдық көліктерде тегін қатынауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, дәстүрлі акция қалалық автобус парктерінің басшылығымен келісілген.
«Құрметті қала тұрғындары! 1 қазан-Халықаралық қарттар күні, облыс орталығының автобус парктері басшылығының келісімі бойынша, қарттар үшін қоғамдық көлікте жүру тегін болады», – деп хабарлады әкімдік.