Көкшетауда «Қазақстан-Ресей» форумына қызу дайындық жүріп жатыр
«Болашақ сарайы» жобасының жетекшісі Жомарт Қарсақбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды. Қазіргі кезде мұнда 300 адам жұмыс істеуде. Жақын күндері тағы қосымша жұмыс күші тартылмақшы. Қазан айында нысанды тапсыру жоспарланған. Фасад және витраждар орластырылуда. Көкшетаулық мамандар, әрілеу, инженерлік желіні тарту, монтаждау және абаттандыру жұмыстарымен айналысуда.
«Кешеннің ішкі жұмыстарын қажетті жабдықтардың басым көпшілігі жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан білім және спорттық мақсаттағы екі корпустан тұрады. Біріншісінде хореография, цифрлық технология, зертхана және акті залы болса, екіншісінде спортзал, бассейн, жаттығу залы қарастырылған. Ал, ғимарттың сыртында жерасты субұрқағы мен жасыл алаңқай болады», - Жомарт Қарсақбаев.
Жетекші атап өткендей, жобаның жалпы құны 10 миллиард теңгеге бағаланып отыр. «Болашақ» сарайы Қазақстанда әсем ғимарат болатыны сөзсіз.
Сонымен қатар, Көкшетау Қопа көлінің жағасында жағажай құрылысы жүргізілде. Бұл нысанның да құрылысын аталмыш форум қарсаңында аяқтау жоспарланған. Еліміздің өзге қалаларындағыдай бұл жағажай құрылысының қазір 85 пайызы орындалған. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгенің шамасында. Жалпы, ұзындығы бір жарым шақырым жағажай құрылысына екі жүздей адам тартылған. Оның жүзі жұмысты ширату үшін қосымша тартылған жұмысшылар.
Жағажай жеті аумақтан тұратын болады. Яғни, амфитеатр, пирс және бақылау алаңы бар жағажай аймағы, рекреациялық аймақ, жағадағы аллея, балалар және спорт алаңы, ересектерге мен қоғамдық тамақтануға арналған алаң, көпбейінді жәрмеңке алаңы мен автотұрақ қарастырылған.