Көкшетауда «Көкше өнімдері» жобасы бастау алды
«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ-ның мəліметі бойынша бүгінгі күні облыс орталығының 20-ға жуық ірі сауда орындары жаңа жобаға қатысып отыр. Алдағы күндері оның қатары тағы артатын болады.
Жалпы, жобаға 13 өнімнің түрін шығаратын 100-ден астам ауыл шаруашылығы туараларын өндірушілерді қатыстыру жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 40-қа жуығымен келісімшарт жасалған.
Еске сала кетейік, жобаны жүзеге асыру үшін корпорация бір тиын ақша шығармайды, бюджет қаржысы да жұмсалмайды. Тек тауар өндірушілермен және сауда орындарының басшыларымен келіссөздер жүргізу арқылы өзара тиімді әрекетке қол жеткізіледі. Корпорация «Көкшетау өнімдері» жобасына қатысушылардың тізімін жасап, бекітеді. Оған қатысушы тауар өндірушілері азық-түлік өнімдерін бөлшек саудадағы бағадан 5 пайыздан артық емес баға бойынша сауда орындарына жеткізіп береді. Ал сауда орындарының басшылары өз кезегінде сол бағадан 5 пайыздан артық емес үстеме қосып сатуға міндеттенеді.