Көкшетауда көктайғаққа байланысты барлық сыныптарда сабақ болмайды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 наурызда ауа райына байланысты (көктайғақ) Көкшетау қаласындағы мектептерде 0-ден 11-ші сынып оқушыларына сабақ кейінге қалдырылды.
Бұл туралы қалалық білім бөлімі инстаграмм əлеуметтік желісі арқылы ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.