23:09, 10 Шілде 2017 | GMT +5
Көкшетауда көлге батып өлмек болған келіншек құтқарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қопа көліне батып өлмек болған келіншек құтқарылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, келеңсіз жағдай ағымдағы жылдың 6 маусымында болған.
Осы күні бақылау мұнарасында кезекшілікте тұрған Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінің қызметкері Ф.Габайдулин жағадан 300 метр қашықтықта су батып бара жатқан əйелді байқап қалады.
"Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар беліне дейін суға кіріп кеткен әйелдің батып өлмек болғанына көз жеткізеді. Əйелдің үстінде киімі, қолында сөмкесі болған. Сол сәтте құтқарушылардың бірі əйелдің көңілін аулап тұрғанда екіншісі шап беріп ұстап жағаға алып шықты.
Кейін медициналық көмек көрсетілгеннен соң келіншек полицияға тапсырылды", делінген хабарламада.