Көкшетауда көлік жыраға құлап кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жолдан тайған көлік жолдың жиегіндегі жыраға құлап, тұмсығымен қадалып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Инстаграмм әлуеметтік желісінде тараған видеоға қарағанда, жол апаты бүгін Ақан сері және Кенесары көшелерінің қиылысында болған. Жол апатына көктайғақ себеп болған көрінеді. Алайда, видеода адамдардың зардап шеккені туаралы мәліметі жоқ.
Ақмола облысының Полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандықтарын жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramСлетел с дороги! Будьте осторожны, гололёд! Пост от нашего читателя @gnb_kazakhstan
Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болатыны ескертілген болатын. Оның ішінде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады, түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, бұрқасын болатыны айтылды.