Көкшетауда көлікті рұқсатсыз мінген жасөспірім жол апатына ұшырады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда рульге отырған кәмелеттік жасқа толмаған бозбала жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда көлікті рұқсатсыз мінген жасөспірім жол апатына ұшырады

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 3 ақпан түнгі сағат 02:58 шамасында Сүлейменов көшесінің қилысында болған.

«Оқиға орнын жеткен тәртіп сақшылары «Toyota Corolla» көлігінің 56 жастағы жүргізушісі масаң күйде рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Toyota Camry» көлігімен соқтығысқанын анықтады. Toyota Camry» көлігінің жүргізушісі кәмелесттік жасқа толмаған жасөспірім болған. Сонымен бірге, жол-көлік оқиғасына себепкер жүргізуші 2019 жылы көлік құралын басқару құқынан айырылғаны белілі болды», - деді ведомстводан.

Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары зардап шеккен «Toyota Camry» көлігінің кәмелеттік жасқа толмаған 17 жастағы жүргізушісіне қатысты да Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ тұлғаның көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

«Анықталғандай, ол ата-анасының рұқсатынсыз көліктің кілтін алып, қала көшелерінде қыдырмақшы болған. Түнгі уақытта жасөспірімнің заңды өкілісіз жүргені үшін оның 50 жастағы анасының үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп толықтырды ведомстводан.