Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққан пәтердің иелері үйінде болмағандықтан өртті сырттан сөндіруге туралы келді.

«Өрт Боровской шағын ауданындағы 66 мекен-жайы бойынша орналасқан көп қабатты үйдің балконынан шықты. Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыды. Оған ТЖД жеке құрамынан 20 адам мен 6 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Пәтер иелері үйде болмағандықтан өрт сөндірушілер автосатыны пайдаланып, өртті сырттан сөндірді», - деді ведомстводан.

Сонымен бірге, осы үйден 35 адам баспалдақтың көмегімен эвакуацияланды. Жедел әрекет етудің нәтижесінде өрт сағат 12:30-да ауыздықталды.

«Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деді Көкшетау қалалық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы Максим Шатковский.