Көкшетауда құдыққа құлап өлмек болған əйел құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Көкшетауда құдыққа түсіп, өмірімен қоштаспақ болған келіншек құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетауда құдыққа құлап өлмек болған əйел құтқарылды

ТЖД мәліметі бойынша оқиға ағымдағы жылдың 7 маусымында болған. Түнгі 04:00 шамасында ТЖД кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласындағы триатлон мектебінің маңындағы құдыққа əйелдің түсіп кеткені туралы ақпарат түскен.

«Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тереңдiгi 3,2 метр ағын суға арналған кəріз құдығында ес-түзсіз жатқан əйелді анықтайды. Алайда, құтқару кезінде есін жиған əйел ТЖД қызметкерлеріне біраз қарсылық көрсетеді. Кейін оның ішімдік ішіп алғаны жəне өмірімен қоштаспақ болғаны анықталды»,- деп көрсетілген хабарламада.