Көкшетауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы мен Красный Яр кентінде «Көкше-антитеррор-2017» оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

Ақмола облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, оқу-жаттығуға аталмыш штабқа кіретін жергілікті құқық қорғау және мемлекеттік органдар қатысуда. 

Штаб өкілдері өткізіліп жатқан шараларға және туындауы мүмкін уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

«Шараның басты мақсаты- терроризмге қарсы іс-қимылды өткізу кезінде күштер мен құрал-жабдықтардың дайындығын ұдайы қамтамасыз ету. Террористік актінің жолын кесуде ведомствоаралық әрекетті арттырып, әскери қабілет пен іс-қимыл алгоритмін пысықтау», - делінген баспасөз хабарламасында.