Көкшетауда маскүнем әйел кәмелетке толмаған балаларын үйінен қуып шыққан

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ішімдікке салынған келіншек кәмелеттік жасқа толмаған балаларын үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 29 тамызында әлеуметтік желілердің бірінде Көкшетау қаласының «Көктем» шағын ауданы аумағындағы орналасқан «Аристрокат» мейрамханасының маңындағы гараждың артында кәмелеттік жасқа толмаған ұл мен қыз баланың түнеп жүргені туралы видео жарық көрді. Онда балалардың ашық аспан астында жерге төселген матраста жатқаны көрсетілген. Әлеуметтік желі қолданушылардың бірі балаларды осыған дейін де талай рет далада түнеп жүргенін көргенін айтқан болатын.

Жергілікті полиция қызметінің мәліметі бойынша, балалардың анасы 1986 жылы туған келіншек араққа салынып кеткен. Аталмыш отбасы 2016 жылдың қарашасынан бастап, тұрмысы төмен отбасы ретінде тіркелген.

«Бұл отбасында төрт бала бар. Үлкендері 13 және 10 жастағы қыздар, одан кейінгілері 8 жастағы ұл мен 1,3 жастағы бүлдіршін. Аналары ішеді. Сол күні анасы ішімдік ішіп балаларына ұрысқан. Қорыққан балалар үйінен қашып шыққан. Қазіргі кезде, балалардың үшеуі жасөспірімдерді бейімдеу орталығына орналастырылды. Орталық мамандары олардың шаштарын қырқып, жуындырды. Ал ең кішілері облыстық балалар ауруханасына жатқызылды», деп түсіндірді полицейлер.

Жақында ювеналды сот балаларына қарамаған келіншекке ҚР ӘҚбК 127 бабы бойынша ескерту жасаған болатын. Алайда, одан еш нәтиже шықпады. Қазіргі кезде, әйелдің ата-ана құқығынан айыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталмыш отбасы Васильковка, 22 мекенжайында тұрады.

Соңғы жаңалықтар