Көкшетауда мектептердің бірінде өрт болды

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Сенбіде Көкшетаудың шалғай орналасқан Чайкино кентінде,  №15-інші мектеп ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Көкшетауда мектептердің бірінде өрт болды

Өрт кешкі сағат 8-ден 38 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 31 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Жалынның шарпыған аумағы 250 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.