Көкшетауда мемлекеттік кірістер департаментінің көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің көлігі жасыл бағдаршам жанып тұрған кезде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Департамент өкілдерінің айтуынша, оқыс оқиға 25 маусым күні Чкалов және Әуелбеков көшелерінің қиылысында болған.

«Көлік жаяу жүргіншілер жолағының бір жағынан келе жатқан әйелді жіберген. Оған қарама-қарсы жақтан келе жатқан жаяу жүргіншіні байқамай, қағып кеткен, соның салдарынан жәбірленушінің қолына зақым келген», - дейді ведомство өкілдері.

Олардың айтуынша, рульде мемлекеттік қызметкер емес, жалдамалы жүргізуші болған. Ол өз айыбын мойындап, жәбірленушінің емделуіне қаржылай көмектесіп жатыр. Жәбірленуші жүргізушіге ешқандай шағымы жоқ екенін білдірген.

Соңғы жаңалықтар