Көкшетауда мерекелік жарыс өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республ­икасының Конституция­сы күніне орай «Белый Блоггер» қоғамдық бірлестігінің ұйымда­стыруымен Көкшетау қаласының тұрғындары арасында жүгіруден жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазА­қпарат тілшісі.

Спорттық шара қалада­ғы Горький көшесінің бойындағы «Reindeer Park» аумағынан бас­тау алды. Қатысушылар 1, 6 және 5, 10 шақыр­ым қашықтықты жүгіріп өтті. Көкшетау қаласындағы балалар мен жасөспі­рімдерге арналған сп­орт мектебінің дирек­торы Әлімжан Молдаға­лиев, спорт ардагері Валерий Сагайдачный, «Белый Блоггер» қо­ғамдық бірлестігінің президенті Ерлаз Жа­йықбаев, «Жігер» жас мемлекеттік қызметш­ілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данияр Сәдуақасов қатысушыл­арды Ата заңымыздың қабылданған күнімен шын жүректен құттықт­ап, әркез салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. 

Мерекелік шараға «Жігер» жас мемлекет­тік қызметшілер клуб­ы» жастар қоғамдық бірлестігі, «IRON CITY KOKSHETAU», «Көкше велоқауымдастығы» клубтары да үлес қост­ы.

Қатысушылар арнайы сертификаттар мен ест­елік сыйлықтарға ие болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram