20:47, 14 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Көкшетауда «Мерседес» автокөлігін тізгіндеген бойжеткен жаяу жүргіншіні қағып кетті
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Көкшетауда «Мерседес» автокөлігін тізгіндеген бойжеткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға куəгерлерінің сөзіне қарағанда, келеңсіз жағдай бүгін кешкілік Көкшетаудағы Горький жəне Әуезов көшелерінің қиылысында болған. Жолдың арғы бетіне жүгіріп өтпек болған əйелді «Мерседес» көлігі қағып кеткен. Соның салдарынан əйел жолдың жаға тасына баспен құлады.
«Зардап шегуші аман, бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Көлікті тізгіндеген бойжеткен екені анықталды. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мəн-жайын нақтылап жатыр», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметіндегілер.