Көкшетауда Наурыз мерекесіне орайластырылған азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жәрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандары және облыс орталығы ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер қатысуда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, бұл жолы жәрмеңкеге 55 түрлі азық-түлік әкелініпті. Олардың жалпы құны - 94,6 миллион теңге болады. Оның ішінде 49,7 тоннаға жуық ет пен шұжық, 7 тонна балық, 216,5 мың дана жұмыртқа, 20 тонна ұн мен макарон, 19 тонна картоп, 14 тонна көкөніс, 5 тонна қант, 12,2 мың литр күнбағыс майы, 12,5 тоннадан астам сүт және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілген. Жәрмеңкеде ұсынылған азық-түлік бағасы қала базарлары және дүкендерімен салыстырғанда 15-20 пайыз арзанға сатылуда.
Жәрмеңкені аралап көрген Ақмола облысы әкімінің орынбасары Егорь Каппель азық-түлік бағасы мен сапасына назар аударды. Сондай-ақ, осындай жәрмеңкенің дәстүр бойынша алдағы уақытта да ұйымдастырылып отыратынын атап өтті.