Көкшетауда Наурыз мейрамына арналған азық-түлік жəрмеңкесі өтеді

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - 2017 жылдың 18 наурызында Көкшетау қаласы «Алтын Ғасыр» сауда орталығы аумағында Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
None
None

Жəрмеңкеге Ақкөл, Атбасар, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кəсіпкерлері жəне Көкшетау қаласының көтерме сауда жасаушылары қатысады.
Жəрмеңкеде нарық құнынан 15-20 пайыз төмен бағамен ет, сүт жəне басқа да өнімдер ұсынылады. Жəрмеңкенің басталу уақыты сағат 09:00.

Соңғы жаңалықтар