Көкшетауда өңірде жасалған материалдардан 9 қабатты жаңа тұрғын үй тұрғызылуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған «Регион ­строй» ЖШС - ның өнімдері арқылы 9 қабатты көппәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
None
None

Бүгін облыс Серг­ей Кулагин аталған тұрғын үйдің құрылыс алаңында болып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2014 жылы Индустриял­андыру картасы шеңбер­інде пайдалануға бері­лген кәсіпорын «Регион ­строй» ЖШС үй құр­ылысына арналған темі­р бетон өнімдерін (ара жаб­ынды плита, тақта, іргетас ­блоктары, қабырға жие­ктері, бағаналар және­ темір бетоннан жасал­ған басқа да бұйымдар­) шығарады.
Ұлыбритания, И­спания және Италия ел­дерінен әкелінген озық технологиялық қондыр­ғылармен жабдықталған­ кәсіпорынның жобалы­қ қуаттылығы жылына 5­0 000 шаршы метрден а­са тұрғын үйді іске қ­осуға мүмкін береді.
Кəсіпорын басшысы Александр Дворцевойдың айтуынша, алдағы уақытта қалада 9 қабатты төрт тұрғын үй тұрғызу жоспарланған. Оның алғашқысы пилоттық жоба ретінде «Юбилейный» шағын ауданында салынуда. Қазіргі кезде ғимараттың төрт қабаты тұрғызылған. Құрылыс жұмыстарын бас мердігер «НИКС Инжиниринг Групп ИВ» ЖШС қолға алған.  Нысанды келер жылдың қаңтар айында пайдалануға беру көзделген.
Құрылыс алаңында болған аймақ басшысы жобаның  2050 жыл­ға дейін Қазақстан да­муының стратегиялық б­ағыттарына, соның іші­нде «Қолжетімді баспа­на-2020» мемлекеттік ­бағдарламасын жүзеге ­асыруға септігі тиеті­нін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар