21:38, 23 Ақпан 2018 | GMT +5
Көкшетауда онкологиялық емхана салынады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалин тұрғындар алдында өткен есептік кездесуінде медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасына жеткілікті назар аударылып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2017 жылы «Денсаулық» бағдарламасы шеңберінде 206 бірлік медициналық құрылғылар сатып алынды, жедел жәрдем паркі 33 жаңа автомашинамен толықты (16 бірлік аудандық жедел жәрдем стансалары үшін).
«Денсаулық сақтау құрылымы да кеңейтілуде. 2018 жылы 12 жаңа нысандар салынып, 15-іне күрделі жөндеу жасау жоспарланып отыр», - деді аймақ басшысы.
Көкшетау қаласында онкологиялық емхана құрылысы басталмақшы (150 адамды қабылдайтын). Бұл жоба облыс үшін аса қажетті және әлеуметтік маңызды болып табылады. Ол онкологиялық науқастарды емдеу мен аурудың алдын алу шараларын жақсартуға игі ықпалын тигізеді.