Көкшетауда өрт шыққан үйдің жоғары қабатынан 14 адам құтқарылды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам құтқарылды және тағы 25 адам өздігінен эвакуацияланды.

Өрт
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден шыққан. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Өрт шыққан үйдің жоғары қабатында 14 адам қалып қойған, оның 10 бала және 4 ересек. Оларды өрт сөндірушілер арнайы сатының көмегімен жерге түсірді. Сонымен бірге, өрт сөндірушілер келгенше, тағы 25 адам өздігінен эвакуацияланды. Пәтерден 1 газ баллоны сыртқа шығарылды, арада 36 минут өткенде өрт сөндірілді», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын өрт кезінде інісін құтқарған 10 жасар көкшетаулық медальмен марапатталғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар