Көкшетауда өртенген көліктен табылған ер адамның кім екені анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өртенген көліктен табылған ер адамның жеке басы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың 5-ші қарашасында Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 33 жастағы тұрғынынан «Мерседес МL» автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз түсті. Көлік иесіне келтірілген залал сомасы 3 миллион 200 мың теңгені құрады.

Осы дерек бойынша полиция басқармасы ҚР ҚК 200-бабы 3-бөлігі «Көлікті заңсыз иемдену» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ұрланған «Мерседес МL» автокөлігі Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында Краснояр бағытында өртенген күйінде табылды. Жүргізуші бетон аялдамаға соғылып, сол жерде көз жұмды. Криминалистикалық есепке алу базасы бойынша қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол бұрын қылмыстық жауапқа тартылған, Нұрлы көш кентінің 23 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда жеңіл көлік өртеніп жүргізушісі көз жұмғанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар