Көкшетауда полицей 10 адамды өрттен құтқарды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында тәртіп сақшылары өртеніп жатқан тұрғын үйлердегі 10 адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ведомствоның дерегі бойынша оқиға қарашаның 25-і күні кешкі уақыт 21:30 шамасында Көктем шағын ауданы «бұрынғы әуежай» аумағындағы тұрғын үйлерде болған.

Тілсіз жауды Көкшетау қалалық Полиция басқармасының жол-патрульдік полициясының кавалериялық взводының қызметкері полицияның кіші сержанты Асхат Еркашев және ұлттық гвардияның үш әскери қызметшісі аталмыш аумақта патрульдеу кезінде байқап қалған.

«Олар бірден, өрт сөндіру бригадасын шақыртып, өздері өрт шыққан үйде адамдар болса, соларды дереу құтқару үшін ұмтылады. Терезеден іште адамдар барын байқаған полицейлер бірден терезені бұзып кіріп, 3 баласымен анасын сыртқа алып шығады. Ал, әжесі өз күшімен далаға шығып үлгереді.

Іштегі адамдардың барлығы сыртқа шығарылғанына көз жеткізген тәртіп сақшылары өрт енді тұтана бастаған көрші үйдегі адамдарды құтқаруға ұмтылады. Онда тәртіп сақшылары 4 баласы мен анасын сыртқа шығуына көмектесті.

Сондай-ақ, полицияның кіші сержанты Асхат Еркашев кез келген сәтте жарылуы мүмкін екі бірдей газ баллонын қауіпсізге жерге алып шықты», деп деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Алдына ала мәліметтер бойынша, өрттің пештегі ақаудан шыққаны мәлім болып отыр.

Асхаттың батыл әрекеті мен гвардияшылардың іс қимылын дұрыс үйлестіруінің арқасында қайығылы жағдайға жол берілмеді

«Тұрғын үйдің өртеніп жатқанын көргенде бірден адамдарды құтқаруды ғана ойладым. Олардың арасында балалар да болды. Барлығы қасқағым сәтте өрбіді...», - дейді Асхат.

Ақмола облысының ПД басшылығы адам өміріне араша түскен полицияның кіші сержанты Асхат Еркашевті марапаттау туралы шешім қабылдап отыр.

Соңғы жаңалықтар