Көкшетауда полиция жастардың төбелесін тоқтату үшін қызметтік қару қолданды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Көкшетауда жастар екі топқа бөлініп төбелесті. Полицияға 13 адам жеткізіліп, оның үшеуі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

полиция
Фото: polisia.kz

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 6 ақпанда болған. ҚР «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 61 және 62-баптарына сәйкес тәртіп бұзушыларды ұстау және қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу кезінде полиция қызметкерлері қызметтік қарудан бос патрондармен ауаға оқ атқан.

«Қабылданған шаралардың барысында 13 адам ұсталып, полицияға жеткізілді, оның үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу шеңберінде 293-бап бойынша жанжалдың себептері және өзге де мән-жайлары анықталуда. Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ведомствоның баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 24 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан секіргенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар