Көкшетауда əріптесін өлтірген полицейге қатысты сот процесі басталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетауда Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ІІД Криминалдық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері Жəнібек Баймұрзинге қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша алғашқы сот процесі өтіп, онда куәгерлерден жауап алынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Соттың мəліметі бойынша, алдын ала тергеу органдарымен Ж.Баймұрзинге ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі (кісі өлтіру), 287-бабының 3-бөлімі (оқ-дəрілерді заңсыз иелену, сақтау, өзімен бірге алып жүру), 291-бабының 1-бөлімі (қару ұрлау), 287-бабының 4-бөлімі (қару мен оқ-дəрілерді бірнеше рет заңсыз иелену, сақтау, тасымалдау немесе өзімен бірге алып жүру), 188-бабының 1-бөлімі (ұрлық), 384-бабының 3-бөлімі (ресми құжаттарды ұрлау және жасыру) бойынша айыптар тағылып отыр.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 25 желтоқсан күні Көкшетау қалалық ІІБ қызметкері, аға лейтенант Дархан Еламанов кезекшіліктен шыққан соң, ізім-қайым жоғалып кетеді. Дарханды жабылып іздеген жақындары мен облыстық ІІД қызметкерлері бірер күннен кейін оның өлі денесін қала шетіндегі Кенесары ауылының маңынан табады. Күдіктіні ұстау үшін полицейлер марқұмның ұялы телефонын тексеріп, соңғы рет кімдермен сөйлескенін анықтайды. 26 желтоқсанда Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 2016 жылдың 25 желтоқсанында жоғалып кеткен аға лейтенант Дархан Еламановты өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкері, 32 жастағы майор Жәнібек Баймұрзинді ұстады. Күдіктінің сол кезде берген түсініктемелеріне қарағанда,ол бұл қылмысқа Еламановтың жеке басына деген жек көрушіліктен барған.

Осылайша, күдікті екі айға уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК-нің «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі өндірістік іс қозғалды.  Көкшетау қалалық сотының 2017 жылғы 10 ақпандағы қаулысына сәйкес, Баймұрзинге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 27 наурызға дейін ұзартылды. Одан кейін қылмыстық іс күдікті мен оның қорғаушысына танысуға жолданды.

Соңғы жаңалықтар