Көкшетауда рухани жаңғыруға қатысты бастамаларды қолдауға шақырған қарар қабылданды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Көкшетауда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық код пен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы әскерилердің рөлі» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Шараға Көкшетауда орналасқан №5510 әскери бөлімінің офицерлері мен жауынгерлері және төтенше жағдайлар департаменті мен қорғаныс департаменті мамандары қатысты.
null

«Ұлан» ұлттық гвардиясы бас командашысының орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов Елбасы мақаласынан туындайтын міндеттер мен жастар арасында отансүйгіштік қасиетті дамыту жайында жан-жақты әңгімелеп берді.
«Отансүйгіштік қасиет адам бойына ұлттық сана мен салт-дәстүр негізінде дариды. Елбасы мақаласында көтеріліп отырған ұлттық код дегеніміз де осы» -дей келе, ол ХVIII ғасырда 600 сарбазбен жоңғарлардың 50 мың қолына қарсы тұрып, он күн бойы тойтарыс берген қазақ ханы Салқам Жәңгірдің ерлігі жайында айтып берді. Қазақ сарбаздарын өздерінен әлденеше есе көп жауға қарсы тайсалмай соғыстырып, тойтарыс бергізген күш - елге, жерге деген сүйіспеншілік екендігін, қазіргі жастардың бойында да сондай отансүйгіштік қасиет болғанда ғана еліміз ішкі-сыртқы қатерлерден аман болатынын атап өтті.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының хатшысы Марал Жақыпова Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғыру халықты жоғары биіктерге бастайтын бағдар екенін айтты.
Шара соңында оған қатысушылар Мемлекет басшысы мақаласынан туындайтын рухани жаңғыруға қатысты бастамаларды қолдауға шақырған қарар қабылдады. 
null

Соңғы жаңалықтар