Көкшетауда саунадан өрт шығып, қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Көкшетауда сауналардың бірінде от тұтанып, оның қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

28 мамыр күні Көкшетау қаласында Буденный көшесінде орналасқан «Бурабай» спорт сарайындағы саунадан өрт шықты. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты жайпады. Оқиға орнынан 10 қызметкер қауіпсіз аумаққа көшірілді. Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақмола облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 20 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар