Көкшетауда соқтығысқан жүк көліктерінің бірі аударылып қалды

КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- Көкшетау қаласының маңында «Көкшетау-Омбы» тасжолының бойында екі жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы туралы видеоны әлеуметтік желі қолданушылардың бірі таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бейнежазба көрсетілгенде жол апаты Көкшетау қаласынан шыға берісте Застанционный шағын ауданы мен Бірлік ауылы маңынан өтетін «Көкшетау-Омбы» тасжолының бойында болған.

«КамАЗ» жүк көлігімен коммуналдық кəсіпорынның тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын «Зил» көлігі соқтығысқан. Соның салдарынан соңғы көлік аударылып қалды. Оқиға куəгерлерінің айтуынша, жол апатына сол тұстағы бағдаршамның істен шығуы себепкер болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар