Көкшетауда Street Workout спорт алаңы ашылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Street Workout спорт алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда Street Workout спорт алаңы ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, Көкшетау қаласы әкімдігі және республикалық Street Workout федерациясының қолдауымен Центральный шағын ауданында ашылған алаңда ашық аспан астында спортпен жаттығуға болады.

«Бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын сақтауға арналған Street workout қозғалыс құралдары қала тұрғындарының спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік тудырып отыр. Бұл спорт алаңы 10-ға жуық түрлі снарядтан құралған», дейді нысанның ашылу салтанаттында құттықтау сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Иван Юрченко.

 Аталмыш жоба қаладағы балалар мен жастардың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын оятуды көздейді. Алдағы уақытта қалалық мәдени және демалу саябағына орнату жоспарланған.