Көкшетауда су басқан үйлердің тұрғындарын құтқарушылар қайықпен және жаяу арқалап шығарып жатыр

су
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

КӨКШЕТАУ.  KAZINFORM  - Көкшетау қаласында Қылшақты өзенінің арнасынан асып кетуіне байланысты 8 жеке үйді су басты, сондай-ақ,  28 жеке үйдің және 7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы су астында қалды.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Қылшақты өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни 280 тонна инертті материал төселіп, 150 м жағалау нығайтылды. Сонымен бірге 110 м канал мен арықтар кеңейтіліп, тереңдетілді. Нысандардың айналасына құм салынған 310 қап төселді, 1000 астам текше метр су сорылды. 

су
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Су басу қаупі бар учаскелерінде полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылды. Су тасқынымен күресу үшін ТЖД жеке құрамның 59 адам және 4 бірлік техника, 9 мотопомпа, азаматтық қорғау академиясынан 63 адам, 2 бірлік техника, ПД жеке құрамнан 7 адам және 7 бірлік техника, ЖАО 126 адам, 64 бірлік техника, 10 бірлік мотопомпа жұмылдырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. 

су
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, теміржол вокзалы маңын су басқанын жазған едік. 

су
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар