Көкшетауда су беру тоқтатылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласы бойынша су беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы қалалық «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда су беру тоқтатылды

Желідегі жазбада көрсетілгендей, ақпанның 24-інде Бейбітшілік (Мир) көшесінің бойында диаметрі 800 миллиметрлі КНС 2 құбыры жарылды. Ұзақ уақыт кәріздік коллекторларды пайдаланғандықтан құбыр майысқан.

«Осыған байланысты ақпанның 24-і кешкі сағат 20:00-де бастап, 25-і ақпан сағат 14:00-ге дейін қала бойынша су беру уақытша тоқтатылады. Қазіргі кезде «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының мамандары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Уақытша туындаған қолайсыздыққа байланысты кешірім сұраймыз», - деп жазылған «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының әлеуметтік желідегі парақшасында.