Көкшетауда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тағы 5 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Көкшетауда тағы 5 адамнан коронавирус анықталды

Бұл жолы 70 жастағы ер адам «өкпе қабынуы» диагнозымен Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының провизорлық станционарына жатқызылды. Онда маусымның 8-інде COVID-19 анықталды. Ал бүгін 1965, 1980, 1991 жылғы үш ер адам мен 60 жастағы әйелден коронавирус анықталды. Бұлардың барлығында жіті респираторлық вирустық инфекция белгісі байқалды, ішіндегі біреуі ғана «өкпе қабынуы» диагнозымен Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімшесінде жатты. Оның жағдай тұрақты.

«Науқастардың барылығы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылды. Онда клиникалық хаттамаға сәйкес ем қабылдайтын болады. науқастың үй ошағында эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынуда. Науқастармен байланысты болған адамдары анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, дезинфекциялау ұйымдастырылуда», - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, Көкшетау қаласында 101 кереует әзірленді, оның 60-ы Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде, 41-і Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының провизорлық станционарында. Бүгінгі күні 26 адам бақылауда, оның ішінде 18 адам үй карантинінде, 3 адам ауруханаға жатқызылды. 2020 жылдың 1- ші сәуірінен бастап, 1262 адам мониторингтен алынды.

Көкшетау қаласында COVID-19 анықтайтын үш зертхана жұмыс істейді. Оның бірі – Ұлттық сараптама орталығының филиалында, қалған екеуі Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жанындағы клиника-бактериологиялық зертханасы және «МЫРЗА-ХАН» ЖШС полимеразды тізбекті реакция зертханасы.