Көкшетауда таксист әйелді зорлаған күдікті ұсталды

  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда такист әйелді зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

ІІД баспасөз қызметінің дерегіне қарағанда, оқиға 31 мамыр түнде болған.

«Алдымен күдікті таксимен қаланың орталығынан шеткі шағын ауданына барған. Кейін такси жүргізушісіне басқа жаққа апаруын талап етеді. Тұрғын үйлерден тысқары шыққан соң клиент такси жүргізушісі, 38 жастағы әйелді тоқтатып, жыныстық қатынасқа түсуге шақырады. Алайда, оған көнбеген келшекке күдіктіні тарпа бас салып, бопсалап зорлайды. Дегенмен, келіншек бір амалын тауып зорлаушысынан қашып құтылып, болған оқиғаны полицияға хабарлайды. Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер  күдіктіні көп ұзатпай қолға түсірді», деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 120-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар