Көкшетауда төрт жасар бала 2-қабаттан құлап кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ағасымен бірге қалған төрт жасар бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда төрт жасар бала 2-қабаттан құлап кетті

Ведомствоның мәліметінше, 20 мамырда екінші қабаттың терезесінен баланың құлап кеткені туралы хабарлама түсті.

«Төрт жасар бала 10 жасар ағасымен үйде жалғыз қалған. Осы кезде ата-анасы емханаға кеткен. Үлкен ағасы жуыну бөлмесінде болған кезде, бала өздігінен терезеге көтеріліп, байқаусызда терезеден құлап кетті. Құлаған баланың жағдайы тұрақты, дене сынықтары мен жарақаттары жоқ», - деп атап өтті ведомстводан.

Еске сала кетсек, биылғы жылғы 14 мамырда Көкшетауда жетінші қабаттың терезесінен екі жасқа таяған бала құлап кеткен болатын. Ол жедел жәрдем бригадасы келгенше көз жұмды.