Көкшетауда тұңғыш рет әйелдер күресі ұйымдастырылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда тұңғыш рет қыздар мен әйелдер арасында күрестен жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жарысқа 2002, 2004 және 2005 жылғы туған қыздар мен одан жоғары жастағы әйелдер қатысты. Облыстық №1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің боз кілеміне шыққан Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан келген 45 балуан қызы сегіз салмақ бойынша белдесті. Жарыс соңына дейін тартысты өтті.
Ақмолалық қыздар түрлі деңгейдегі 18 наградаға қол жеткізді. Жеңімпаздар арнайы диплом және медалдармен марапатталды.