Көкшетауда тұрмыстық қалдықтарды сөндіруге өрт пойызы жұмылдырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда тұрмыстық қалдықтарды сөндіруге өрт пойызы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда тұрмыстық қалдықтарды сөндіруге өрт пойызы жұмылдырылды

Ведомствоның мәліметінше, мамырдың 1-інде сағат 08:55-те Көкшетау қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне облыс орталығының іргесіндегі қатты-тұрмыстық қалдықтар палигонында өрт шыққандығы туралы айтты.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға «Көкше-Тазалық» ЖШС-нің үш жұмысы, 14 өрт сөндіруші, жергілікті атқарушы органдардан 15 қызметкер және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қосымша Көкшетау қаласының №1 және №2 өрт сөндіру бөлімдерінен 7 қызметкер мен 2 техника, сондай-ақ, өрт сөндіру пойызы тартылды», – деді ведомстводан.

ТЖД қызметкерлері атап өткендей, аталмыш полигон «Көкше-Тазалық» ЖШС-нің қарауында. Өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.