Көкшетауда түйреуіш өңешіне тұрып қалған 1 жасар сәби аман қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетаулық дәрігерлер түйреуіш жұтып қойған сәбиді аман алып қалды. Бұл туралы Ақмола облыстық балалар ауруханасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетауда түйреуіш  өңешіне тұрып қалған  1 жасар сәби аман қалды

«27 тамызда оториноларинголог Гүлнар Жүнісова бір жасар сәбиге ота жасады. Дәрігердің кәсіби шеберлігінің арқасында наркоз және хирургиялық отасыз баланың өңешіне тұрып қалған түйіреуіш алынды», - делінген жазбада.

Сонымен бірге, дәрігерлер баланың тыныс алуы мен сөйлеуі қиындаса, дыбыс шығара алмаса, рефлекторлы лоқсу, өңір сырылы, тыныс алу қимылында діріл байқалса жедел дәрігерге баруға кеңес береді.