Көкшетауда вагон рельстен шығып кетті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, теміржол апаты бүгін 19 сәуір таңертең сағат 11:00-де болған.
«Жүк пойызының құрамын орнынын ауыстыру кезінде теміржолдың қиғаш тұсында 66 вагоннан тұратын құрам рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталу үстінде», - деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.