Көкшетауда велосипед тежегішінің тетігі санына шаншылып қалған бала құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда велосипед тежегішінің тетігі сол жақ санына шаншылып қалған бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Аймақтық ТЖД мəліметі бойынша осы ведомствоның диспетчерлік қызметінің бірыңғай кезекшілік бөліміне Көкшетау қаласының жедел жәрдем қызметінің диспетчері хабарласып, 2007 жылғы балаға шұғыл түрде құтқарушылардың көмегі қажет екенін айтқан.

Кейін белгілі болғандай велосипедтен құлаған баланың сол жақ санына тежегіш тетігі шаншылып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар арнайы аспаппен велосипедтің рөлін кесіп, баланы жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Қазіргі кезде зардап шеккен баланың жағдайы жаман емес, қажетті ем қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар