Көкшетауда заманауи үлгідегі шаңғы жолы бар демалыс жəне мəдениет саябағы салынуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда замануи үлгідегі шаңғы жолы бар демалыс жəне мəдениет саябағы салынуда. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің Көкшетаудағы бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысуы барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Еске сала кетейік, облыс орталығындағы бір кездері кеңес үкіметі үшін күрескен революционер аты берілген саябақ соңғы жылдары қараусыз қалған болатын.  Облыс əкімінің тапсырмасына сəйкес биылдан бастап  қала əкімдігі аталған нысанды қалпына келтіруді қолға алды. Қазіргі кезде,  мұнда əкімшілік тұрмыстық корпустың құрылысы жүргізілуде. Қала басшылығының мəліметі бойынша аталған ғимараттың құрылысын аяқтау үшін 25 миллион теңге қаржы қажет көрінеді.  Облыс əкімі бұл қаржы жақын күндері берілетінін айтты. Оған қоса, қала басшылығына саябақтағы өзге нысандардың құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарын заманауи үлгіде халықтың демалуына барлық мүмкіндікті қарастырып жүргізуді тапсырды.

«Саябақты шіріген ағаштардан тазартып, қосымша тез өсетін ағаш көшеттерін отырғызу және демалып отыратын орындықтар орнату қажет. Сонымен қатар саябақтың жер бедерін тиімді пайдалана отырып, шаңғы, жүгіру және велосипед жолдарын салу керек. Мұнда тұрғындардың отбасымен келіп демалып, көңіл көтеруі үшін қажетті қызмет пен инфрақұрылымның барлығы қарастырылуы қажет», - деді облыс әкімі Сергей Кулагин.

Осы ретте аймақ басшысы қала басшыларына осындай саябақтары бар  Астананың тәжірибесін зерттеп, ең жақсы деген нұсқалары бойынша жұмыс істеуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар