Көкшетауда заңсыз берілген құны 343 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Көкшетау қаласының прокуратурасы жалпы құны 343 млн теңге болатын жер мемлекет кірісіне қайтарылды. 

Көкшетауда заңсыз берілген құны 343 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Көкшетау қаласының прокуратурасы заңсыз жер учаскелерін беру фактілерін анықтау бойынша талдауды тұрақты негізде жүргізіп жатыр.

Биыл Көкшетау қаласы прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде жалпы алаңы шамамен 13 га, құны 343 млн теңге болатын жер учаскелерін заңсыз беру фактілері анықталды. 

Атап айтқанда, талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар аталған жер учаскелерін Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып (сауда-саттықсыз) берілген. 

Прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде заңсыз берілген жерлер мемлекет кірісіне қайтарылды. 

Айта кетелік Ақтөбеде құны 1,7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылған еді.