Көкшетауда жаңа футбол алаңы салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласында жаңа футбол стадионы салынатын болды. Бұл туралы Vesti.kz порталы "Оқжетпес" клубының директоры Николай Панинге сілтемемен хабарлады. 

Көкшетауда жаңа футбол алаңы салынады

- Стадионның жобасы бар. Осы жылдан бастап Көкшетау қаласының Юбилейный ауданында стадионның құрылысы басталады. Қазір стадионды соғуға қанша ақша кететінін дәл айта алмаймын. Өйткені, жоба мен келерге дейін дайындалып қойған. Стадион сегіз мың жанкүйерге арналып, Қопа өзенінің жағасында орналасады. Ол жердің топырағы қатты. Сондықтан жасанды көгал төселеді, - дейді Панин.  

Қазіргі уақытта "Оқжетпестің" биылғы маусымды қайда бастайтыны белгісіз болып тұр. Егер наурызда "Астана-Арена" стадионының көгалын өзгертетін болса, көкшетаулық команда премьер-лигадағы ойындарын Щучинск қаласындағы "Жақсы" базасында өткізуі мүмкін.