Көкшетауда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «102» нөміріне Көкшетау қаласындағы ойын-сауық орнының маңында төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы мен тергеу-жедел тобы жіберілді.
«Полицейлер анықтағандай, 19-23 жастағы жастар ойын-сауық мекемесінде отырған. Кейін қаскүнемдердің бірі мас болып, басқа жастар отырған үстелге барып, ұрыс шығарған», - деп түсіндірді ведомстводан.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде төбелеске қатысқандар оқиға орнында ұсталды. Барлығы 4 адам, соның ішінде бас күдікті - бұрын бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылған 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны да ұсталды.
«Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 3 бөлігі 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді ведомстводан.
Авторы: Оксана Матасова