Көкшетауда «Жарақаттанған балаға көмек бер» акциясы өткізілді

КӨКШЕТАУ.Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық балалар ауруханасында «Жарақаттанған балаға көмек бер» акциясы аясында жол-көлік апатының алдын алу, қозғалыс ережесін сақтау тақырыбында кездесу өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс- шара  аурухананың травмотология бөлімшесінде өткізілуі тегіннен-тегін емес. Тек өткен жылы емдеу орнында әртүрлі жарақатпен 3677 балғын ем-дом қабылдаса, биылғы сегіз айда олардың қатары 2351-ге жеткен. Олардың арасында көлік апатынан жарақаттанғандар, тиісінше 64 және 25 бала болып отыр. Жарақаттанған балалардың 52 пайызы алты жасқа дейінгілер. Акция мемлекеттік автоинспекция, білім, денсаулық, салауатты өмір салтын қалыптастыру құрылымдарының қатысуымен іске асырылып отыр.Соның барысында жол қозғалысы ережесін сақтау, жолда абай болу жайы әңгімеленді. Жол ережесіне байланысты түрлі-түсті кино көрсетіліп, арнайы үнпарақтар таратылды. Жалпы, аймақта жыл басынан бері баларға қатысты 30 жол- көлік оқиғасы тіркеліп, онда 31 жеткіншек әртүрлі дене жарақатын алып, үшеуі опат болды.

Соңғы жаңалықтар