Көкшетауда «Жас құтқарушы» республикалық жарысы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов оқушылардың жазғы демалысын қаупісіз ұйымдастыруға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді.

Жетісу облысында жас құтқарушылардың кезекті кадет сыныбы ашылды
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі

- Балалардың жаз мезгіліндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін биыл «Жас құтқарушы» республикалық жарысын Көкшетауда өткізуді жоспарлап отырмыз. «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында 29 мамырда «Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбымен министрліктің барлық аумақтық бөлімшелерінде балалар мен ата-аналарға арналған іс-шаралар мен шеберлік-сыныптары ұйымдастырылады, - деді Шыңғыр Әрінов.

\Министрлік әкімдіктермен бірлесіп балаларды жүзу дағдыларына үйрету сабақтары өткізбекші.

- Қазір «Ұлттық бірыңғай тестілеу» мен «Мектеп бітіру кештерінің» қауіпсіз өткеруге дайындық жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, балалар лагерлерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін және жағажайларға қойылатын талаптардың сақталуын тексеру басталды, - деді министр.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 92% оқушы лагерьмен қамтылады.