Көкшетауда «Жас турист-2018» көпсайысының алғашқы кезеңінің жеңімпаздары анықталды
Ақмола облыстық білім басқармасының дерегі бойынша «Рухани жаңғыру» бағдаламасын жүзеге асыру шеңберінде Көкшетаудағы №19 орта мектептің қабырғасында ұйымдастырылған шараға облысымыздың Ақкөл, Сандықтау, Зеренді және Жақсы аудандарынан келген мектептердің 120 -ға жуық оқушылары қатысты.
Шараны облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығы ұйымдастырды. «Жас турист-2018» туристік көпсайысының алғашқы кезеңі «Жеке-командалық», «Байланыс», «Командалық» түрлері бойынша өтті.
Екі күн қатарынан ұйымдастырылған шарада жастар арасында облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының «5 жоғарылық» командасы бірінші, Сандықтаудағы №3 балалар үйінің «Саяхат» командасы екінші және зеренділік «Шатун-2» командасы үшінші орын иеледі.
Қыздар арасында көкшетаулық команда «Жас кайрат-2» бірінші, тағы екі көкшетаулық «Жас кайрат» пен облыс орталығындағы «СШ №19» командалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Ал, ересектер арасында «Фирн» командасы бірінші, «Синегорье» командасы екінші, «Шатун» командасы үшінші орын алды. Жеңімпаздар граммоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.