Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды

Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 5-де сағат 16:47 шамасында «101» телефон желісіне Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылындағы 5 қабатты жатақхананың бөлмесінде өрт шыққандығы туралы хабар түсті.

«Өртті сөндіруге дереу ТЖД жеке құрамынан 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала. Сонымен бірге, өз күшімен қауіпсіз жерге шықты. Өрт сағат 16:57 ауыздықталып, 17:02 сөндірілді. Қазіргі кезде, өрт техникалық-зерттеу жүргізіліп, өрттің шығу себептері анықталуда», - деді ведомстводан.