Көкшетауда жемқор басшыға сот үкімі шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қалалық соты сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетауда жемқор басшыға сот үкімі шықты

Сот анықтағандай, Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары азамат Р-дан 300 мың теңге сомасында пара алған. Жергілікті шенеунік оған әкімшілік жауапкершіліктен босатуға және ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоймауға уәде еткен.

"Сот үкімімен Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен («Пара алу») кінәлі деп танылып, оған  мүлкін тәркілеумен, полиция майоры атағынан айырумен, мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметін атқару құқығынан өмір бойына айырумен 4 500 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп көрсетілген хабарламада.