Көкшетауда жеңіл көлік аударылып қалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетауда жеңіл көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты ақпанның 15-де сағат 21:30-да болған.
Назарбаев даңғылы бойымен Уәлиханов көшесіне қарай жүріп келе жатқан «Приора» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жолдың шетіне аударылып қалған.
Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ, жүргізуші сау.
«Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610 бабы «көлік құралдарының бүлінуіне әкеп соққан, көлік құралдарын жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды» деді ведомстводан.